А.Киска Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады. «Елдеріміз арасындағы достық қатынастар мен сындарлы диалог алдағы уақытта да өзара мүдделік бар барлық салада нығая отырып өрістей беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта. Словакия Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық, Қазақстан азаматтарының игілігі және елді бейбіт әрі орнықты дамыту жолындағы қызметіне табыс тіледі.