Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Сіз алған халық сенімінің жаңа мандаты Қазақстанның заманауи мемлекеттілігінің табысты дамуына қосқан үлесіңіздің мойындалғанын айғақтайды», – делінген жеделхатта. Украина Президенті еліне оның тарихының күрделі кезеңінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірген. «Бірлескен күш-жігеріміз арқылы біз екіжақты қарым-қатынасты жандандырып, елдеріміз арасындағы көпқырлы ынтымақтастық аясын кеңейтеміз деген сенімдемін», – делінген құттықтауда. Соңында П.Порошенко Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақуаттылық және жауапты мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.