National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангтің құттықтау жеделхаты

2015 жылғы 30 сәуір

 

Чыонг Тан Шанг Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

 «Сіздің басшылығыңызбен «Нұрлы жол» саясаты таяу арада жаңа табыстар әкелетініне, ал Қазақстан елді қалыптастыру және дамыту ісіндегі жетістіктерін жалғастыратынына нық сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Вьетнам Президенті екі елдің басшылары мен халқының күш-жігерінің арқасында мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынас алдағы уақытта да қарқынды әрі тиімді дами беретініне сенім білдірген.  

«Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен көпжақты ынтымақтастық күннен күнге дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтемін.  Сіздің – Вьетнамға, менің Қазақстанға сапарымнан кейін қарым-қатынастар бұрынғыдан да нығая түсті және қазір ынтымақтастық туралы бірқатар маңызды келісімдер екі елдің игілігі үшін тиімді жүзеге асырылуда», – делінген құттықтауда.

Соңында Ч.Т.Шанг Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және жауапты лауазымдағы қызметіне зор табыс тіледі


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің