Мемлекет басшысы 19 желтоқсандағы террорлық акт салдарынан Берлин қаласында көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.