Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар провинциясында көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқыны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны салдарын тезірек жойып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.