National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады

2016 жылғы 02 қыркүйек

Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

«Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық әлеуетінің дамуына, оның халықаралық беделінің өсуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердің жүзеге асырылуы Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің бастауында тұрған Ислам Каримовтің есімімен байланысты екенін атап өтті.

«Ол өзінің бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады,  әрдайым Қазақстанның сенімді досы болды және біздің халықтарымыздың арасында достық пен тату көршіліктің нығая түсуіне үлкен үлес қосты», – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің туыстары мен жақындарына және елдің басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көңіл айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің