Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.