National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жарғылық органдарының бірлескен отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық аясында екі жақты кездесулер өткізді

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының жарғылық органдарының бірлескен отырысына және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық аясында Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжанов бірқатар халықаралық кездесулер өткізді.

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Дамир Сағынбаевпен әңгімелесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында бейінді құрылымдар бағыты бойынша өзара тығыз іс-қимыл жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

Талқылау нәтижесінде екі елдің мүдделі мемлекеттік органдары деңгейінде тұрақты диалог орнатуға бағытталған шаралар келісілді.

Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Армен Григорян заманауи қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласында екі жақты ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылауды ұсынды.

Өткен пікір алмасу Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың қажеттілігін растады.

Белоруссиялық әріптес – Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Зась әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың елеулі әлеуетіне назар аударды.

Халықаралық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі ұстанымдардың ұқсастығы атап өтілді.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің, Қауіпсіздік кеңестер хатшылары комитетінің бірлескен отырысы және мемлекеттер басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы 8 қарашада Астанада өтеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару