Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңес қорытындысы бойынша қауіпті химиялық заттардың, жанғыш және жарылыс қаупі бар материалдардың айналымдарына тартылған, қауіптілігі жоғары объектілерде, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Адамдар жаппай жиналатын орындарда, газ-техникалық жұмыстар өндірісінде, сондай-ақ медициналық мекемелерде оттегімен жарақтандыруды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін қатамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуге аса назар аударылуы тиіс екені айтылды.