National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Омаров Бауыржан Жұмаханұлы

1962 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылында туған.

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1998 жылы Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін, 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

1995 жылы АҚШ-тың Оклахома мемлекеттік университетінде семинар-тәжірибеден өткен.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

1979-1981 жылдары – «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігінің жұмысшысы.

1986-1994 жылдары – «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі.

1994-1996 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистік шеберлік және әдеби өңдеу кафедрасының аға оқытушысы.

1996-1997 жылдары – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры.

1997-1998 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары.

1998-2000 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері (докторантура).

2000-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі.

2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.

2006-2007 жылдары – «Литер-Media» ЖШС атқарушы директоры.

2007 жылы – «Астана хабары» газеті бас редакторының бірінші орынбасары.

2007-2008 жылдары – «Айқын» газетінің бас редакторы.

2008 жылы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2009 жылдары – «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, комитет төрағасы.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2019 жылғы 8 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

«Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару