National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Мемлекеттік құқық бөлімі

 

Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі

Айдар Төлетайұлы ЖАРЫЛҒАНОВ

1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

1999 жылы – «Семей» Мемлекеттік университетін; 2001 жылы – «Әділет» Жоғары құқық мектебін аяқтаған.

2001 – 2007 жылдары  Мемлекеттік кірістер министрлігінде және ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде еңбек еткен.

2007 жылдан бастап – 2019 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты, инспекторы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2019 жылғы сәуірден бастап – 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық  бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2023 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

«Құрмет» орденімен (2020 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен  (2013 ж.) марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару