National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Құқық қорғау жүйесі бөлімі

Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі

Калайчиди Алексей Дмитриевич

1963 жылы 3 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келген.

1985 жылы Фрунзе политехникалық институтын «Тау-кен инженері», 2008 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

1985-1989 жылдары – Қырғыз КСР Тоқмақ қаласындағы №93 арнаулы басқарманың шебері, Шымкент қаласындағы «Южгорсельпроект» мемлекеттік жобалау институтының инженері;

1989-1990 жылдары – КСРО Ішкі істер министрлігі Жоғары академиялық курсының тыңдаушысы;

1990-1998 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстық іздестіру жөніндегі жедел уәкілі, бөлім бастығы;

1998-2005 жылдары – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы;

2005-2006 жылдары – Ішкі істер министрлігі заң қызметінің жетекшісі, жеке құрам жөніндегі инспекция бастығы;

2006-2008 жылдары – Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті бастығының тәрбие және кадр жұмыстары жөніндегі орынбасары;

2008-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары;

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

2019-2021 жылдары – Ішкі істер министрінің орынбасары;

2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы 31 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі;

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі;

Үйленген, 2 баласы бар.

Арнаулы атағы: полиция генерал-майоры (04.05.2020 ж).

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен наградталған.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару