National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Сыртқы саясат бөлімі

 Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі

Ернар Мерғалымұлы ЛАЗАР

1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 

Білімі жоғары, халықаралық қатынастар магистрі.

2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінде бастаған.

 2007-2010 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

2011- 2013 жылдары  ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы;

2013-2017 жылдары Қазақстанның Нидерландтағы екінші, бірінші хатшысы;

2017-2018 жылдары  ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саяси және халықаралық байланыстар бөлімінің консультанты, инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

2023 жылы 11 шілдеде  Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Екінші дәрежелі Кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару