Туған жылы: 29.11.1982 ж.
Білімі: ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты, заңгер (2004)
«Тұран-Астана» университеті, экономист (2012).
Жұмыс тәжірибесі:
2000-2007 жылдары Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет етті.
2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі.
2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің бас консультанты.
2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты Кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі.
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.
2022 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды.
«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасы жағдайы: үйленген, бес баласы бар.