National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы
Айбек Серікбайұлы Смадияров
 

1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

2005-2006 жылдары – «Қазақстандағы Қытай банкі» акционерлік қоғамы әкімшілік департаментінің маманы;

2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы;

2008-2010 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы;

2010-2012 жылдары – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы;

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы;

2013-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжам комитетінің бірінші хатшысы;

2014-2018 жылдары – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;

2018-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметінің басшысы – ресми өкілі;

2019-2023 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ресми өкілі;

2023-2025 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі;

2025 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі;

2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтар аралығында  – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

2026 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

IІ сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

«Халық алғысы» және «Шапағат» медальдарымен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару