National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Омаров Бауыржан Жұмаханұлы

Бауыржан Жұмаханұлы Омаров 1962 жылғы 1 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылында дүниеге келген.

1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1998 жылы Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін, 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді.

1995 жылы АҚШ-тың Оклахома мемлекеттік университетінде журналистика мәселелері бойынша халықаралық семинар-тренингтен өтті.

Б.Ж. Омаров еңбек жолын «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігінің жұмысшысы (1979-1981) ретінде бастады, содан соң «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінің тілшісі, аға тілшісі, бөлім меңгерушісі (1986-1994), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистік шеберлік және әдеби өңдеу кафедрасының аға оқытушысы (1994-1996), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры (1996-1997), Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары – Қызылорда арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1997-1998), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға ғылыми қызметкері (докторанты, 1998-2000), ҚР Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі (2000-2003), ҚР Мәдениет министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тілдерді дамыту департаментінің директоры, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Тіл комитетінің төрағасы (2003-2006), «Литер-Media» ЖШС атқарушы директоры (2006-2007), «Астана хабары» газеті бас редакторының бірінші орынбасары (2007), «Айқын» газетінің бас редакторы (2007-2008), Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (2008), «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (2008-2009), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, комитет төрағасы (2009-2010), ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы (2010-2011), Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі (2011-2013) болды.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2019 жылғы 8 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағын иеленген, «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚР Президентінің Алғысымен, Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен, МҚІА «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару