Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі
Марат Алмасұлы ӘЗІЛХАНОВ
Туған күні мен жері: 1965 жылы 3 қаңтар, Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
Білімі: 1988 жылы – Қарағанды мемлекеттік медицина институты, 2000 жылы – Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Академиясы, 2019 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.
Жұмыс тәжірибесі:
1988 - 1989 жылдар аралығы – Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігер-интерні;
1989 - 1992 жылдар аралығы – Қызылорда қалалық №5 емханасының хирург дәрігері;
1992 - 2011 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы қызметі;
2011 - 2013 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары;
2013 - 2014 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы;
2014 - 2016 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі
2016 - 2018 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы
2018 - 2019 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы
2019 - 2021 жылдар аралығы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі
2021 жылғы сәуірден қазірге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі
Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын
Марапаттары:«Құрмет» ордені (2016), «Жауынгерлік ерлік үшін» медалі (2009), 7 мерекелік медаль