
1979 жылы туған.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2020 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясының магистратурасын бітірген.
1999-2000 жж. – Республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының олимпиадалық резервін даярлау бойынша математика мұғалімі.
2000-2002 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің референті, кейін атташесі.
2002 ж. – Қазақстан СІМ-нің Инвестиция жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы.
2002-2004 жж. – Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы, кейін екінші хатшысы.
2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы.
2006-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының аға сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, осы орталық меңгерушісінің орынбасары.
2016-2017 жж. – Қазақстан СІМ-нің ТМД департаментінің директоры.
2017-2022 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2022 жылғы 28 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
«Құрмет» (2023) орденімен, «Ерен еңбегі үшін» (2010) медалімен марапатталған.
2023 жылы ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі берілді.