National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер беру жөніндегі комиссия

Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары әскери, арнайы өзге де атақтар, сыныптық шендер туралы» 1999 жылғы 3 қарашадағы № 88 Өкімімен құрылды.

Комиссияның негізгі міндеттері:

1) уәкілеттік берілген орталық атқару органдары мен олардың лауазымды тұлғаларынан келіп түскен жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендерді, біліктілік сыныптарын беру туралы ұсыныстарды алдын ала зерделеу және олар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу;

2) заңдарда көзделген жағдайларда жоғары әскери және өзге де атақтардан, сыныптық шендерден, біліктілік сыныптарынан айыру туралы мәселелерді алдын ала қарау болып табылады.

Комиссия негізгі міндеттерді іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру және олардан айыру мәселелері жөнінде ұсыныс табыс етуге;

2) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру туралы ұсыныстар бойынша қорытынды беруге;

3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан өзінің қызметіне қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратуға;

4) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тыңдауға;

5) құқық қорғау органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беруге ұсыну мәселелері бойынша ұсыным жолдауға;

 6) атақтар мен сыныптық шендер, біліктілік сыныптары беру және олардан айыру жөніндегі шағымдар мен өзге де өтініштерді қарауға хақылы.

 

Комиссия Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және босататын Комиссияның төрағасы мен 6 мүшесінен тұрады.

Комиссияның лауазымдық құрамына: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (төраға), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.

Комиссияның отырысы қажетіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысса, құқықтық күші бар деп есептеледі.

Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады.

 

Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару