23-24 маусымда Бейжің қаласында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының XX кездесуіне қатысты.
Іс-шараның алдында делегациялар басшыларын Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэн қабылдады.
Отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сеператизм мен экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, адам саудасына, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып алаяқтыққа және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтасты дамыту және өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы өз баяндамасында Еуразиялық кеңістікте ақаудың жасырын сызықтары да, шиеленістің ашық ошақтары да сақталатынын атап өтті. Осыған байланысты ШЫҰ халықаралық қауіпсіздіктің жаңартылған архитектурасының негізгі элементтерінің бірі бола алады. Ғизат Нұрдәулетов терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ радикалдануға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшылары XX кездесуінің хаттамасына қол қойылды.
Іс-шара аясында шетелдік делегациялар басшыларымен екіжақты кездесулер өтті, өзара іс-қимылдың жекелеген өзекті мәселелері қаралды.
