Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.