National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2022 жылғы 29 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Республика күніне орай осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға және барша түрік халқына жүрекжарды құттықтауын жолдады.

– Ұлт бірлігі мен ынтымағының айқын көрінісі, еркіндік пен жасампаздықтың бірегей нышаны болған бұл күннің ел тарихында орны ерекше екені сөзсіз. Осы құндылықтарды ту еткен Анадолы елі – қазіргі таңда жаһандық деңгейдегі жетістіктерін бүкіл дүниежүзі мойындаған белді де беделді мемлекет. Мұның бәрі ел басқару ісіндегі мол тәжірибеңіз бен дана саясатыңыздың, қажырлы еңбегіңіз бен ерекше тұлғалық қасиеттеріңіздің арқасы деп білемін. Осы тұста Сіздің парасатты басшылығыңызбен Отаныңыздың әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселей беруіне тілектестігімді білдіремін, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 жыл бұрын Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастар орнағанын, бүгінде ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркия Президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, отбасына баянды бақыт, ал ағайын түрік халқына мол ырыс пен құт-береке тілейтінін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің