National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

2022 жылғы 13 желтоқсан

Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, балет әртісі, хореограф, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

«Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры ретінде танылған көркемдік ұжымның негізін қалап, оған ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. Оның балет өнеріндегі туындылары еліміздің және шетел сахналарында қойылды. Болат Ғазизұлы қашанда адамгершілік және рухани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретті. Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің