National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

2025 жылғы 25 желтоқсан

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.

Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.

Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында «Қазфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL ASIA IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.

Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.

Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің