National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қасым-Жомарт Тоқаев «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-нің сервис орталығын аралап көрді

2021 жылғы 27 шілде

Мемлекет басшысы John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне қызмет көрсететін ТМД-дағы ең ірі сервис орталығының жұмысымен танысты.

Президент оқу бөлмелері мен агрегаттық шеберханасы бар ауыл шаруашылығы техникаларын күрделі жөндеуден өткізетін орталықты,  цифрландыру және автоматтандыру үдерістері, заманауи технологиялар, ирригация және көкөніс шаруашылығы жөніндегі оқу орталығын, өнім сақтайтын қоймаларды, сондай-ақ, көрме алаңдарын  аралап көрді.

Жаңа аутлет қазіргі заманның талаптары мен үрдістеріне жауап береді. Қазақстан бойынша қосалқы бөлшектердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар техникаларды күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының еліміз үшін стратегиялық маңызы зор сала екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, алдымызда еңбек өнімділігін арттыру міндеті тұр. Бірақ заманауи технологияларды енгізбей және менеджментті жақсартпай оған қол жеткізу мүмкін емес.

Мемлекет басшысы фермерлер мен заманауи технологияларды меңгерген жас мамандарды оқыту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жолға қоюдың маңызды екенін айтты.  Бұл, өз кезегінде, аграрлық саладағы білікті кадрлардың тапшылығына қатысты мәселені шешуге септігін тигізеді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің