National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

2025 жылғы 01 тамыз

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Дәурен Қосанов Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің