National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2022 жылғы 20 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және елден капиталды жылыстатуға қарсы күрес саласындағы жұмыстардың нәтижесі туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына берілген деректерге сәйкес жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталған және 67 миллиард теңгенің шығыны өтелген.

Президентке адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Жанат Элиманов құқық қорғау органдарына тән істерді жалпы қозғау тәжірибесі жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіркелетін қылмыстардың саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Тергеу амалдарының мерзімі 3 есе, ақтау белгілері бойынша тоқтатылған істер саны үштен бірге қысқарған. Нәтижесінде мыңдаған азамат пен кәсіпкер қылмыстық қудалауға ұшырамайтын болды. Сондай-ақ соттарға жүгінетін адамдардың саны да айтарлықтай азайған.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын мүлтіксіз қорғау қажет екеніне мән беріп, Агенттік басшысына бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің