National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

2022 жылғы 05 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорының биылғы үш айда атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді.

Алмасадам Сәтқалиев Президентке Қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары жөнінде баяндады. Берілген мәліметтерге сәйкес Қор қазіргі уақытта жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізген. Осы қарқын биыл сақталады деп күтілуде.

Басқарма төрағасы Мемлекет басшысына Қордың маңызды жобаларының жүзеге асырылу барысы және олардың санын көбейту мүмкіндігі туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жұмысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің