National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады

2024 жылғы 11 желтоқсан

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2007 жылы аталған ұйымға мүше болғаннан бері ӨСАБ стандарттарын сақтауға бейілдігін көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Елімізде жер қойнауын пайдаланушылардың ұйым талаптарын сақтау міндеттемелері және бюджетке аударатын салық пен басқа да төлемдері бойынша есебі заңнамалық деңгейде бекітілді.

Президент Ұйым басшысына геологиялық барлау мен кен өндіру саласында қабылданған реттеу шаралары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, саланы дамытудың кешенді жоспары қабылданып, интерактивті карта мен 50 мыңнан аса геологиялық есептер қамтылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Бұдан бөлек, бизнестің барлау және өндіру жұмыстарына лицензия алу тәртібі жеңілдетілді.

Хелен Кларк ұйымның алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарымен және басым бағыттарымен бөлісті. Ол Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға қатысты заңнамалық актілерін жетілдіру жұмыстарын жоғары бағалады. Бұл кен өндіру өнеркәсібінің ашықтығын қамтамасыз ету талаптарын орындауға мүмкіндік береді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің