Президентке Presight (G42) компаниясы қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлескен кәсіпорын құру жөнінде белсенді келіссөз жүргізіп жатқаны туралы мәлімет берілді. Аталған жоба аясында Қорға қарасты еншілес компаниялар мен өндіріс кәсіпорындары жұмысының тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізу, елімізде жасанды интеллектіні дамытуға қажетті есептеуіш қуатының хабын құру және осы сала мамандарының біліктілігін арттыру көзделген. Сонымен қатар кездесуде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы G42 холдингінің еншілес AI Brain компаниясын Назарбаев Университеті жанындағы Жасанды интеллект институтымен серіктесе жұмыс істеуге шақырды.