National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

2026 жылғы 04 мамыр

Алматы қаласы

 

Президент мейманға ілтипат көрсетіп, Presight AI компаниясымен ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорынның еліміздегі жасанды интеллект саласындағы шешімдерді дамытуға зор үлес қосып келе жатқанына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысы нақты бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды.

Томас Прамотедхам Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қатысуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. Бұл – жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылымын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе.

Сонымен қатар Smart City бастамасына айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы компанияның осыған дейін Астанада жүзеге асырған жобасы оң нәтиже көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізгенін жеткізді. Бұл ретте аталған шешімді Алматы қаласына енгізу перспективасы қарастырылды.

Кездесу соңында Президент Smart City жобасын жүзеге асыруға және екіжақты ықпалдастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің