National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

2021 жылғы 27 мамыр

Кездесуде ел Президентінің тапсырмаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылданған бірқатар заңдар жөнінде, соның ішінде, республикалық бюджет туралы заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер туралы айтты. Мемлекет басшысы аталған заңдарға қол қойды.

Жоғарғы палата квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды реттейтін заң қабылдады. Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу және басқа да заң жобалары депутаттардың қарауында жатыр.

Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша осы сессия басталғалы бері сенаторлар 12 заң жобасына бастамашы болды. Оның 3-ін Парламент қабылдаса, 4-уі Сенат пен Мәжілістің қарауында. Тағы 5 заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп жатыр.

Сенат Төрағасы Президентке парламентаралық ынтымақтастықты дамыту, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің заң шығарушы органдарымен байланыстарды нығайту жөнінде айтты.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағын ұсынды. Аталған үш томдықта Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың қасіретті тарихын баяндайтын мыңнан астам архив құжаттары жинақталған.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің