Президент Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есепті тыңдады. Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Сонымен қатар Қасым-жомарт Тоқаевқа Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ «Қазсушар» РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.