АҚШ, Нью-Йорк қаласы, БҰҰ штаб-пәтері Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Эстония Президенті Алар Кариспен де келіссөз жүргізді. Кездесу барысында екі мемлекеттің түрлі саладағы ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев эстониялық әріптесіне Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, соның ішінде шетелден инвестиция тартуға және инвесторларды қорғауға бағытталған шаралар жөнінде мәлімет берді. Тараптар өзара ортақ мүддені көздейтін салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады және бір-бірін өз елдеріне арнайы сапармен келуге шақырды. Сонымен қатар президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және БҰҰ, Еуропалық Одақ, ЕЫҚҰ аясындағы көпжақты қатынастарды қарастырды.