Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып жаңадан тағайындалған Дәурен Қосановты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Әуе қорғанысы күштерін модернизациялау туралы бірқатар тапсырма берді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдап, халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.