National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы GE Healthcare компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша президенті Роб Уолтонмен кездесті

2023 жылғы 19 қыркүйек

АҚШ, Нью-Йорк қаласы

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа GE Healthcare компаниясының елімізде ультрадыбыс аппараттары өндірісінің жергілікті үлесін арттыру және алдағы уақытта компьютерлік томография, ангиография және маммография құрылғыларын шығару жоспары туралы мәлімет берілді.

Президент бұл бастама отандық дәрі-дәрмек пен медициналық техника өндірісінің үлесін 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін арттыру міндетіне толықтай сай келетініне назар аударды.

Роб Уолтон Мемлекет басшысына GE Healthcare компаниясының Қазақстанда клиникалық бейнелердің орталықтандырылған ұлттық цифрлық мұрағатын құруға ниетті екенін жеткізді. Бұл шара науқастардың мәліметін басқару ісін оңтайландырып, нәтижесінде көрсетілетін қызмет құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ компания Астана медициналық университеті базасында GE Healthcare академиясын ашу арқылы денсаулық сақтау жүйесі мамандарының біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Оқу орны биыл қазан айында қызметіне толық кіріседі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды жобалар бойынша GE компаниясымен стратегиялық серіктестікке жоғары баға берді.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен GE Healthcare арасында GE Healthcare компаниясының инвестициялық жобасын жүзеге асыруға қатысты негізгі шарттар туралы негіздемелік келісімге қол қойылды.

***

GE Healthсare компаниясының әлемнің 140-тан астам елінде өкілдігі бар. 2022 жылы компанияның таза табысы – 19 миллиард доллар. Ал нарықтағы құны 34,5 миллиард долларды құрады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің