National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Сингапурдың аға министрі – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады

2024 жылғы 24 мамыр

Сингапур

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тео Чи Хин екі ел арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Астананың сенімді диалогқа, берік сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға негізделген екіжақты серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашуға дайын екеніне тоқталды.

Президент бүгінгі 46-шы Сингапур лекциясында аймақтық қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тақырыбы бойынша сөз сөйлеу зор мәртебе екенін жеткізді.

Өз кезегінде Сингапурдың аға министрі Тео Чи Хин Оңтүстік-Шығыс Азияны зерттеу институтына келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Ол әлеуметтік-саяси үрдістерді, өңірдегі қауіпсіздік мәселелерін және экономикалық жағдайды зерттеуде Қазақстан Президентінің дәрісі өзекті саналатынына тоқталды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Сингапурдың аға министрі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Тео Чи Хинге өзінің «Беласу. Дипломатиялық очерктер» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасына қолтаңба берді. Айта кетерлігі, Тео Чи Хин бұл кітапты Қазақстанға жасаған сапарында сатып алып, зор ықыласпен оқып шыққан.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің