National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың III отырысында Президент ұсынған бастамаларды жүзеге асыру туралы кеңес өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған Президент тапсырмалары мен бастамаларын орындау мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Туризм және спорт, Ішкі істер, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктерінің,  Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын орындау үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды.

Ерлан Қарин Президенттің Атырауда өткен құрылтайдағы сөзінде мәдени-гуманитарлық және идеологиялық саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық тың тәсілдері айқындалғанын атап өтті.

Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға Парламентпен бірлесе отырып, есірткі өндіретін адамдарға жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы заңнамаға және басқа да  заң жобаларына түзетулер енгізу жөнінде тапсырма берілді.

Сонымен қатар лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу тәсілдері қарастырылды.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды арнайы кешенді жоспарға сәйкес ілгерілету үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыру міндеті жүктелді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару