National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Жиынға қатысушылар қазіргі ахуал туралы баяндап, аймақтарда этносаралық қатынас саласында тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыруға қатысты қолға алынып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және бұл құрылымның форматын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударылды.

Сонымен қатар жиында биыл өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту шаралары талқыланды.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді қамтамасыз етуге және барлық деңгейдегі үйлестіру жұмысын күшейтуге бағытталған ішкі саяси жұмыстың басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы