National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар және діни радикализмге қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды.

Мемлекеттік кеңесші дін саласында салиқалы саясат жүргізу үшін мұқият ойластырылған ұстаным, кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдау және барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

Осы ретте Ерлан Қарин заңдарды сақтаудың, конфессия саласын ғылыми тұрғыдан зерделеудің және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін айтты.

Жиын соңында мемлекеттік органдарға қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту үшін күш жұмылдырып әрекет етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы