National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа «Болашақ» стипендиясы берілді. Олардың ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен қатар Комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өту үшін берілетін гранттарды қарастырды. Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.

«Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау биылғы жылдың қыркүйек айының ортасына дейін жалғасатынын айта кету керек. Ал ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына конкурстық іріктеу 2023 жылдың қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару