National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен кездесу өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия комитеттерінің төрағаларымен  кездесті.

Кездесуде Эр-Риядта өткен Бүкіләлемдік мұра комитетінің 45-сессиясының қорытындылары талқыланды. Аталған сессияда Алтын Емел ұлттық паркі мен Барсакелмес қорығының аумақтары ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілгені белгілі. Мұны «Тұранның суық қысқы шөлдері» трансұлттық номинациясының құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан бірлесіп ұсынған болатын.

Ерлан Қарин Ұлттық комиссияның комитеттері мен клубтары атқарған жұмыстың нақты нәтижелерін атап өтті. Сондай-ақ биыл маусым айында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуленің Қазақстанға ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтергенін айтты. Бұдан бөлек, ел аумағындағы ЮНЕСКО нысандарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы