National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелерімен бірге «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге аталған акцияға қолдау білдіріп, сенбілікке қатысты.

Жалпы биыл елорда аумағында  үйеңкі, шегіршін, жөке, шаған сияқты ағаштардың 1 миллионнан астам көшетін егу жоспарланған.

Қоғам белсенділері мен жастар Президент  бастамасымен жүріп жатқан экологиялық акцияға алдағы уақытта да атсалысуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ олар «Таза Қазақстан» акциясы  көшелер мен аулаларды абаттандырумен қатар, қоғамдағы бірлікті нығайта түсетінін және халық арасында бір-біріне тілеулестік рухын оятатынын атап өтті. 

«Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық науқаны бір күндік сенбілікпен, айлық іс-шаралармен шектелмейді. Көгалдандыру және тазалық жұмыстары жыл бойы барлық қалалар мен ауылдарда ұйымдастырылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару