National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракция жетекшілерімен кездесу өткізді.

Басқосуға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов және Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы Әмірбек Оспанбеков қатысты.

Мемлекеттік кеңесші бір палаталы жаңа Парламентке көшу бастамасына қатысты негізгі тәсілдерді қалыптастыруға белсене атсалысқаны үшін партия фракцияларына ризашылық білдірді. Ерлан Қариннің айтуынша, былтырғы күзден бері жүргізіліп келе жатқан конституциялық реформаны әзірлеу ісі мемлекеттің институционалдық негіздерін одан әрі жаңғыртуда айрықша маңызды.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен отырысының басымдықтарына ерекше тоқталды.

– Құрылтайдың бұл жолғы отырысы да, Президенттің бағдарламалық сөзі де тарихи тұрғыдан үлкен мәнге ие. Мемлекет басшысының саяси институттарды терең трансформациялау бастамасы түбегейлі жаңа конституциялық модельге қадам басқанымызды айғақтайды, – деді Ерлан Қарин.

Өз кезегінде фракция жетекшілері Президент бастамаларын толық қолдап, конституциялық реформаға қатысты жұмысты белсенді түрде жалғастыруға дайын екендерін айтты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы