National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

2022 жылғы 06 сәуір

Қазақстан Президенті мен Абу-Дабидің Тақ мұрагері бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды Дубайда өткен ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесінің сәтті өтуімен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың даму перспективаларына ерекше назар аударылды.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге ниетті екенін нақтылады. Атап айтқанда, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытатыны жөнінде айтылды.  

Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Абу-Дабидің Тақ мұрагерін биыл елімізге ресми сапармен келуге шақырды.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің