National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлуды қабылдады

2022 жылғы 24 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн-кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.

Қазақстан көшбасшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдап, оны Қазақстанға сапармен осы жылы келуге шақырғанын тағы да нақтылады. Сапар мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы пысықталады.

Мемлекет басшысы келесі аптада Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы  өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады.

Мевлют Чавушоғлу кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ министр қаңтар оқиғасы кезінде болған қайғылы жағдайларға байланысты көңіл айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.

Түрік дипломаты Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды Түркияның толық қолдайтыны жөнінде айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

2026 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 02 ақпан

Ә.А. Ерғалиев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің