National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады

2024 жылғы 25 қараша

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі әлеумет және еңбек салаларын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың есебі мен алдағы жоспары жөнінде ақпарат берілді.

Мемлекет басшысына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері ұсынылды. Бұл шаралар әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға дәл жетуін көздейді.

Светлана Жақыпованың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі енгізіледі. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленген. 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында мүгедектіктің әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшу енгізіліп жатыр.

Президентке халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндалды. Министрдің айтуынша, биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 200 мыңнан астамы жастар. Ал 9 мыңға жуық азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін грант алды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сапалы жоспарлау мен мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген «Жобалардың инновациялық навигаторы» қанатқақты жобасы туралы баяндалды. Аталған жүйе мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды, сондай-ақ жобалардың тиімділігіне мониторинг жасап, сапасын қадағалайды және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Платформа қазірдің өзінде жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Навигатор қажетті еңбек ресурстары жоқ жауапсыз мердігерлерді анықтауға да мүмкіндік береді.

Министр еңбек жанжалдарының алдын алуға көмектесетін Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының жұмысына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру мен әлеумет және еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 22 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

2024 жылғы 28 қараша

Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі

Жарлық

2024 жылғы 15 қараша

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің