National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Yildirim Holding компаниялар тобының президенті әрі бас директоры Роберт Юксель Йылдырымды қабылдады

2022 жылғы 13 маусым

Кездесуде химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Роберт Юксель Йылдырым Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы кальций қосылған сода шығаратын зауыт құрылысының барысы туралы мәлімет берді. Жобаның құны – 400 миллион доллар.

Сонымен қатар түрік кәсіпкері Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы «Восход» кен орнында хром концентратын өндіруге және өнім шығаруға қатысты инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы, еліміздің бірқатар өңірінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі «Қазгеология» акционерлік қоғамымен бірлескен жұмыстары туралы  айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиямен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтіп, компанияның еліміздегі инвестициялық жұмыстарын қолдайтынын жеткізді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің