National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

2024 жылғы 20 қараша

 

Мажарстан, Будапешт қаласы

 

Мемлекет басшысы, ең алдымен, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп,  Будапештке алғашқы мемлекеттік сапары қазақ-мажар стратегиялық серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашатынын жеткізді.

– Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар. Қазіргі таңда машина жасау, ауыл шаруашылығы және логистика салаларында жалпы инвестиция көлемі 540 миллион доллардан асатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесі пысықталып жатыр, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан жаңа саяси және экономикалық парадигмаға бет бұрғанын айтты. Білім мен инновацияны ту еткен өзгерістер бұл үдерістің басты қағидатына айналады.

Президент Мажарстан бизнесмендеріне энергетика, сирек кездесетін материалдарды өндіру, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, цифрландыру, қаржы нарығы секілді маңызды салаларда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі зор екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мажар компанияларының басшыларын келесі жылы мамыр айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Инвестициялық дөңгелек үстел барысында Мажарстанның Қаржы министрі, Қазақ-мажар экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Михай Варга мен ірі компаниялардың жетекшілері сөз сөйледі.

Жиын қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымын цифрландыру, білім салаларына және бірлескен  инвестициялық жобаларды қолдауға қатысты 7 коммерциялық құжатқа қол қойылды.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

2025 жылғы 27 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады

Жарлық

2025 жылғы 23 қаңтар

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің