National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесті

2023 жылғы 18 қаңтар

БАӘ, Дубай

Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға  алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөздер жүргізілгенін және екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен қарым-қатынас орнатқанына тоқталып, екі елдің іскер топтары арасындағы байланысты жандандыру мәселесіне назар аударды.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев   БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум Президенттің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға сапар шегу зор мәртебе екенін айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің